РАҚЫМШЫЛЫҚ АКТІСІМЕН ЖАЗАДАН БОСАТЫЛДЫ
2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бас жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаны белгілі. Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.
Шиелі аудандық сотына Қазақстан Республикасы ҚАЖ Қызылорда облысы бойынша Департаменті ЗК-169/4 мемлекеттік мекемесі ұсыныспен жүгініп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген онша ауыр емес қылмысты жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотының үкімімен бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азаматты Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде жазадан босатуды сұраған.
Сот ұсынысты қарап, сотталғанның өзіне қатысты рақымшылық жасауға қарсы емес екендігі жөнінде пікірін ескере отырып, оны ҚР ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігінің және «Рақымшылық жасау туралы» Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде сот үкімімен тағайындалған жазадан босатты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі