МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОҚЫТУ-СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Кеше Қызылорда қаласындағы Мемлекеттік қызметкерлерді бюджеттік сала қызметтерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында «Қазақстандағы рухани нығайтудағы діннің ролі және мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру» тақырыбында оқыту семинар өтті.
Оқыту семинарында Облыстық дін істері басқармасының басшысы Н.Жәлиев, Облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, Облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Н.Үсенұлы дәріс берді. Оқу семинарға қатысушылар мен дәріс берушілер арасында сұрақ – жауаптар жүргізілді. Семинар барысында еліміздегі діни ахуалдың күрделілігі, жастардың діни адасулары, әлеуметтік желілер мен интернеттегі діни мәселелер кеңінен талқыланды. Семинарда тақырыпқа сай слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.