СЕНАТ ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА
Арал ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов және Мұрат Бақтиярұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары Абзал Ерәлиев, Бақытбек Смағұл, Әлия Сапарова, Геннадий Шиповских жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан активімен бас қосқан депутаттар мәжілісте сөз алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын шараларды кеңінен насихаттады. Республикамыздың Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыс барысы мен оң өзгерістерді, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар жайын ортаға салып, кеңінен талқылады. Парламент өкілдеріне қатысушылар тарапынан сұрақтар жолданып, тиісті жауаптар берілді.