10 ҚАҢТАРДА ЕЛДІҢ БАСЫМ ӨҢІРІНДЕ ТҰМАН САҚТАЛЫП, ЖЕЛ ТҰРАДЫ
10 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз күн райы сақталады, жауын-шашын жауады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасын және тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа артады.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басуы ықтимал, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа артады.