ҰЛТТЫҚ ҰЛАНҒА – 25 ЖЫЛ
Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық Ұланның құрылғанына 25 жыл толуына орай ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
«Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ІІМ ішкі әскері еліміздегі басқа да институттармен қатар дами бастады. 2002 жылдан бастап училищеде тәрбиеші-офицерлерді дайындау қолға алынып, алғашқы легі 2005 жылы шықты. Ал 2009 жылы Үкімет қаулысымен оқу орнына Әскери институт мәртебесі беріліп, Тәжікстан және Қырғызстан ішкі әскерлері үшін мамандар дайындала бастады. Арада 4 жыл өткенде тұңғыш халықаралық офицерлердің легі әзірленді»,-дейді Мұхаметқали Сатов.
Әскери институт құрылғалы бері 2900 офицерлік кадр дайындап, олар Ұлттық ұланның бөлімшелерінде, ҰҚК шекара әскерлерінде, Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет етуде. 2003 жылдан бері жасалған келісімдерге орай офицер кадрлары Ресей Федерациясындағы жоғарғы оқу орындарында дайындала бастаса, 2013 жылы осындай келісім Беларусь және Түркия республикаларымен жасалды.
«2010 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінде арнайы Ұлттық ұлан факультеті ашылып, онда кадрлардың оперативтік-тактикалық дайындығына баса мән берілуде. Осы уақыт аралығында 50-ден астам магистр дайындалып, 120-ден астам офицер біліктіліктен өтті» деп түйіндеді генерал-майор.