ТҰТЫНУ БАҒАСЫНЫҢ ИНДЕКСІ ӨСТІ
2016 жылғы желтоқсандағы тұтыну бағасының индексі 101,5% құрады. Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 2,5%-ға, азық-түлік емес тауарларына - 1,4%-ға, ақылы қызметтерге - 0,6%-ға өсті, деп хабарлады Қызылорда облысының статистика департаментінен.
Өткен айда бағаның өсуі жаңа жиналған жемістер және көкөністерге - 9,2%, оның ішінде: қиярға - 77,2%, қызанаққа - 58,4%, картопқа 20,1%, тәтті бұрышқа - 16,4%, сарымсаққа - 9%, шикі сүтке - 7,2%, мал майы - 7,1%, жұмыртқаға - 5,4%, алкогольді сусындарға, темекі өнімдеріне - 3,8%, ет және құс – 2,2%, шайға – 1,3%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қызылшаға 6,1%, қарақұмық жармасына -5,9%, бас пиязға - 5,8%, қырыққабатқа -5,7%, күрішке -2,1%-ға байқалды.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 4,8%, тұрмыстық аспаптарға-3,0%, шыны және керамика бұйымдарға -2,9%, фармацевтикалық өнімдерге - 2,6%, үй тұрмысына қажетті заттарға - 2,1%, көлікке - 1,6%, киім және аяқ киімге - 0,3%, бензинге 2,5%-ға байқалды.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға жолаушылардың әуе көлігі - 41,9%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар - 4,9%, шаштараздар мен сұлулық салоны - 4,1%, демалыс және мәдениет саласындағы қызметтер - 2,5%, жолаушылардың теміржол көлігі - 2,4%, көлік қызметі - 1,8%, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,7-ға өсті.