КЕНТ ӘКІМІНІҢ ТӘРТІПТІК ЖАЗАСЫ АЛЫНДЫ
Бүгін Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда Қазалы ауданының әкімі Н. Шамұратовтың аудан әкімдігінде 2016 жылы сыбайлас жемқорлық профилактикасы және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының сақталуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, кеңес отырысында Қызылорда қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының тәртіптік істері қаралып, оның нәтижесі бойынша қала әкіміне тиісті ұсыныстар берілді. Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңесте Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің әкімі А. Мерековтің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу мәселесі талқыланып, нәтижесінде кеңес тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөнінде шешім қабылданды.
Жиын соңында Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ғ.Ілкібаев 2017 жылдың 1 жартыжылдығында өткізілетін "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау тәртібі жөнінде баяндама жасады.