БИЫЛ 111 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бәлібаев мәлімдеді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға өткен жылы құны 11 056 млн теңге болатын 311,35 шақырым жолдар мен көшелер жөндеуден өткен болатын. Бүгінгі күні облыс бойынша жоспарланған 17 нысанда жол жөндеу жұмыстары аяқталып, бөлінген қаражат толық игеріліп отыр. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінің көше-жолдары инфрақұрылымын жүргізуге техника-экономикалық негіздемесінің мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Ерлан Бәлібаевтың айтуынша биылғы жылы 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оған облыстық бюджеттен 7 392,7 млн теңге бөлініп, 111 шақырым автомобиль жолы мен елді мекен көшелері жөнделеді. Қазіргі таңда бөлінген қаржылар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу шаралары ұйымдастырылылуда.
Фариза ОМАРОВА