ЖОСЫҚСЫЗ ҚАТЫСУШЫ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Жуырда Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік мекеменің талап арызы негізінде «Ж» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды қарады.
Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың 8 тамызында тараптар арасында келсім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес кәсіпкер тапсырыс берушінің өтінімі бойынша тауарды 2016 жылдың 7-қыркүйегіне дейін жеткізуге міндеттенген.
Алайда, жеке кәсіпкер «Ж» 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартатыны жөнінде тапсырыс берушіге хат жіберіп,өз міндеттемесін орындамаған.
ҚР АҚ-нің 272-273 баптарына сәйкес, міндеттеме - оның шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Қызылорда облысының
мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының
баспасөз қызметі