КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ АНЫҚТАЛДЫ
2016 жылғы желтоқсанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің көлемі 19 802 теңгені құрады, деп хабарлады Қызылорда облысының статистика департаментінен.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 2,4%-ға, 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 10,0%-ға жоғарылады. Шығыстар үлесі былайша құрылды: ет пен балықты сатып алуға 20,5%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға – 17,2%; жемістер мен көкөністерге – 10,3%; нан және жарма өнімдеріне 9,0%; қант, шай және дәмдеуіштерге 3,0%.