ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Тұрақты мекен жайы немесе уақытша тұрақтау орны бойынша азаматтарды тіркеу мәселесін халыққа кең көлемде түсіндіру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Әмірбек Шаймағамбетов, ОІІД Көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәрсен Омаров, Қызылорда облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Аида Абибуллаева қатысты.
Жаңа орынға келуші ҚР-ның әрбір азаматы 10 тәулік ішінде тіркеуден өтуге міндетті. Егер де тұрақты мекен жайы немесе уақытша мекендеу орны бойынша 10 күннен 1 ай аралығында тіркеуден өтпеген азаматтарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабының 1-бөлігі бойынша ескерту жасалады. 1 айдан астам уақыттан кейін де тұрғылықты орны бойынша тіркелмесе 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 15 883 теңге айыппұл салынбақ.
- Аталған жаңа заң мекен-жайын ауыстыратын барлық азаматтарға, оның ішінде басқа өңірлерге емделуге, жұмысқа немесе оқуға баратын адамдарға тиесілі. Тіпті, тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарды да бейімдеу және оңалту орталықтарына тіркеу көзделген, - дейді Ә.Шаймағамбетов.
Тіркеуге тұрудың басты мақсаты – экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ішкі көші-қон процестерінің мониторингін жүргізуге көмектеседі. Азаматтардың тіркелген жері оның заңды мекен-жайы болып табылғандықтан сол мекен-жайы бойынша оның салық органдарына, әскери және басқа да есепке тұру түрлері жүргізіледі.
Қызылорда облысы бойынша ХҚКО директоры Аида Абибуллаеваның айтуынша өткен демалыс күндері яғни 7-8 қаңтарда да Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасап, бұл күндері 1200-ге жуық азаматтарға қызмет көрсетілген.
- Тіркеуді рәсімдеу үшін үй егесінің келісімі, жеке куәлігі және баж салығын төлегендігі туралы түбіртекті ұсыну қажет. Тіркеуге тұру үшін салынатын салық мөлшері – 226,9 теңге. Қазіргі таңда азаматтардың тіркеуге тұру кезінде ұзақ кезектерді болдырмау үшін облыс орталығының «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы ХҚКО-на да халықты тіркеу пунктін ашып, тиісті қызметкерлерді бөлу шаралары ұйымдастырылуда, - деді ХҚКО-ның директоры.
Фариза ОМАРОВА