ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ 17 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНДЕ ПРОКУРОРЛАР АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, құқық қорғау тапсырмасын орындау аясында облыстық және Қызылорда қалалық прокуратурасының 17 қызметкері облыс орталығындағы 17 медициналық мекемеге барып, қызметтік және емдеу орын-жайларында болып, 200 азаматпен, оның ішінде аурухана, емхана және диспансердің емделушілеріне, келушілері мен қызметкерлеріне қабылдау жүргізді.
Медициналық көмек беруде сапа мен қол жетімділікті арттырудың, сонымен қатар, медициналық қызметкерлердің қызмет жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етудің тетіктері анықталды.
Атап айтсақ, жекелеген мекемелерде арнайы кабинеттердің, мамандардың (офтальмолог, реаниматолог, анестезиолог және т.б.) жетіспеуі, емделушілердің құжаттарын рәсімдеуде қиындықтардың туындауы, бейнебақылау камераларымен толық қамтылмауы және т.б.
Тұрғындардың медициналық қызметті алу жағдайына да назар аударылды. Мысалы, қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамадан облыстық көпсалалы балалар ауруханасына дейінгі арақашықтық 500 метрді құрайды.
Қабылдаудың нәтижесі туралы туындаған мәселелерді нақты шешу ұсынысымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына жолданатын ақпараттық хатты көрсетіледі.
Тұрғындардың оң пікірлерін назарға алып, осы нысандағы азаматтарды қабылдау өз жалғасын табады.