ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін 2017 жылы қолданысқа енгізілетін бірнеше заңнамалық жаңалықтарды түсіндіруге арналған кеңейтілген семинар өткізді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының «ҚР-ның салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген түзетулер салық саясатын және салықтық-кедендік әкімшілендіруді жетілдіруді көздейді. Заңнамалық құжат қарастырған жаңа талаптарды спикерлер әрбір бағыт бойынша қысқаша сипаттап берді.
Қосымша құн салығы бойынша есепке қою мақсатындағы бастапқы мөлшердің қолданыстағы мөлшері (30 мың АЕК) 2017 жылды қоса алғанда сақталады, әрі қарай 2020 жылы 15 мың АЕК көлеміне дейін, кезең-кезеңмен төмендетіледі.
Ауылшарушылық кооперативтері арнаулы салық режимін қолданған жағдайда міндетті түрде жер учаскесі болу керектігі туралы шарт алынып тасталды, және бұрын пайдаланған активтерін сатуды жүзеге асыратын шаруа қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын қолдану талабы сақталып қалды.
Қосымша құн салығы бойынша шет елден әкелінген малдың өлу жағдайында және оны союға мәжбүр болған жағдайда жеңілдіктер беру қосымша қарастырылды. Шығынның көлемі ауылшарушылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген нормативтер шегінде болады.
Алкоголь өнімдері мен темекі өнімдеріне акциз біртіндеп көтерілетін болады.
Салық салу бойынша жекелеген жеңілдіктер тобы қаржы секторына, яғни ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша «Қайта қаржыландыру бағдарламалары» шегінде банк алдында мерзімі өтіп кеткен қарызы бар несиегерлерге бағытталған.
Кедендік әкімшілендіру бойынша түзетулер кедендік қарау және қарап тексеру орындарына қойылатын талаптарға қатысты, сонымен қатар транзит амалын жетілдіруді және уәкілетті экономикалық оператор қызметін оңайлатуды көздейді.
Жалпыға бірдей табысы мен шығысын декларациялауға көшуді бір кезеңмен 2020 жылдан бастап жүзеге асыру қарастырылған.
Электронды шот-фактураларды жазу міндеттілігі мониторинге кіретін ірі салық төлеушілер үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚҚС төлеушілер үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін болады.
Сонымен қатар, бизнесті қолдауға бағытталған бірнеше өзгерістер бар. Оң бағамдық айырма сомасының асып кетуіне байланысты туындаған коммерциялық емес ұйымдардың табысын салық салудан босату қарастырылып отыр. Қарыз операцияларынан ҚҚС алынып тасталды. Жер асты суларын пайдаланғаны үшін төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеуде санаторийлер, балалар лагерлері және әлеуметтік нысандарға салық ставкалары төмендетілді. Лизингтік компаниялар үшін корпоративті табыс салығынан жеңілдіктер сақталған. Сонымен қатар патент негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын шектеулі қызмет түрлерін белгілейтін нормаларды енгізу мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілді.
Спикерлер қатысушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді. Салық төлеушілерді, негізінен, әлеуметтік салықтар және жеке табыс салығынан жеңілдіктер, жалпыға бірдей декларациялау талаптары, электрондық нысанда жазылатын шот-фактуралар, жер, мүлік және көлік салықтары бойынша өзгерістер қызықтырды.
Осы сипаттағы кездесулер әрбір ауданда өткізілуде. Заңнамалық өзгерістердің әрбір бағыттары бойынша облыстың мемлекеттік кірістер органдары кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.