АЗАМАТТАРДЫ ТІРКЕУДІҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ
Өткен жылдың 22 желтоқсанында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойып, 2017 жылдың басынан заң күшіне енді.
Бұдан бұрын қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында азаматтардың тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуі міндеттелгенімен, үй иелерінің өздерінде тұрып жатқан тұлғалардың тіркелуін қамтамасыз ету мәселесі заңмен бекітілмеген болатын. Көші-қон полициясы мамандарының айтуынша, жаңадан қабылданған заң осы олқылықты жоюға бағытталып отыр.
Жаңа орынға келген Қазақстан Республикасының әрбір азаматы 10 тәулік ішінде тіркеуден өтуге міндетті. Тұрақты мекенжайы немесе уақытша мекендеу орны бойынша 10 күннен 1 ай аралығында тіркеуден өтпеген жағдайда, азаматтарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы 1-бөлігі бойынша ескерту жасалады.
Ал егер де 1 ай астам уақыттан кейін де мекен еткен орны бойынша тіркелмесе 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 15 883 теңге айыппұл салынады. Бұл заң талаптары 1 ай уақытқа дейінгі мерзімге қонақтап келген туыстарға қолданылмайды. Ал егер де туған-туысқандарының үйінде тұрақтау мерзімі 1 айдан асып кетсе, онда олар да уақытша тіркеуден өту керек.
Мамандар барлық қазақстандықтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 20 минут ішінде тіркеле алатынын айтып отыр. Бұл жағдайда, міндетті түрде тіркелуші азаматтың да, үй иесінің немесе нотариалды түрде куәландырылған қолхаттың болуы шарт.
Тұрақты мекенжайы бойынша немесе уақытша тұрақтау орны бойынша азаматтарды тіркеуді Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ішкі істер органдары қызметкерлері автоматтандырылған режимде жүзеге асырады (қызмет көрсету уақыты: дүйсенбі-жұма күндері түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, ал сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін).
Тіркелу үшін тұрғын үй иесінің келісімі, жеке куәлігі, тіркелушінің жеке куәлігі және мемлекеттік салымның төленгені жайлы түбіртектің болуы шарт. Мемлекеттік салым көлемі айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын, яғни 226,9 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, электронды ақпаратты жеткізушісі бар (чип) жаңа үлгідегі жеке куәліктердегі азаматтардың заңды мекенжайына өзгерістер енгізіледі, куәлік қайтадан ауыстырылмайды.
Ал азаматтардың электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, олар электронды үкімет порталы арқылы да тіркеле алады. Ол үшін азаматтар электронды түрде сұраныс рәсімдеп, электронды қолтаңба арқылы куәландырып, мемлекеттік салықты электронды үкіметтің шлюзі арқылы төлеу қажет.