АСАБА МЕН ӘНШІ САЛЫҚ ТӨЛЕЙ МЕ?
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өмірдің өзі» теле-токшоуы кезекті хабарын «Той бизнесін салықтандыру» тақырыбына арнады, делінген делінген Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы таратқан хабарламада.
Студияға шақырылған асабалар, әншілер, басқа да кәсіп иелері және мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер палатасы өкілдері 50 минут көлемінде салық мәдениетін көтеру мақсатындағы өзекті тақырыптардың бірі шоу бизнесті салықтандыруды белсенді талқылады. Асабалар мен әншілер «Біздің өнеріміз халық үшін, оған қалай салық төлейміз?» деген уәж айтты.
Студия қонақтары қатарында етікші және базарда отырған сатушы да болды. Өз кәсіптері арқылы халыққа қызмет көрсетіп отырғанын айтқан олар «тіркелген кәсіпкерміз, салықты заң талабына сай уақытылы төлеп отырмыз» деп салық төлеудің дұрыстығы жайында пікірлерін білдірді. Қызу пікірталасқа тікелей эфирге телефон шалған бірнеше азамат қосылды.
Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Б.Нұриддинов қала бойынша тіркелген өнер адамдарының саны, құрамы және 2016 жылы олардан түскен салық көлемі туралы мәліметтерді жария етті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді тіркеу, олардың қызметін тоқтату тәртібі бойынша жеңілдіктерді, салық салу ставкаларын түсіндіріп өтті. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Рахматуллаев қала бюджеті артқан сайын қала көркі, тұрғындардың жағдайы жақсара түсетінін, мемлекеттің дамуына әрқайсымыздың азамат ретінде өз үлесімізді қоса білуіміз керектігін айтты.