ҚАТТЫ АЯЗДАН ОНДАҒАН АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Осы аптаның демалыс күндері Еуропаның көптеген қалалары мен Солтүстік Америкада қалың қар түсіп, күн ерекше суытты. Соның салдарынан кей жерлерде электр қуаты сөніп, көптеген жол-көлік оқиғалары болды, мыңдаған әуе рейстері кейінге шегерілді. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
Скандинавиядан келген суық ауа массалары туғызған қатты аяздан әсіресе Еуропа елдерінің тұрғындары зардап шегуде. Қаңтардың басынан бері құрлықта 20-дан аса адам үсіп өлді. Олардың көбі мигранттар мен баспанасыздар.
20 градус аяз түскен Польшада 10 адам, қалың қар жауып жатқан Италияда 7 адам қайтыс болды. Ал Германияның оңтүстігіндегі таулы аудандарда температура 26 градусқа төмендеді.
Ыстанбұлда 40 сантиметр қар жауды. Бірнеше күннен бері Түркияны қатты аяз қысып тұр. Мәскеуде де сенбіден жексенбіге қараған түні 30 градус аяз болды. Метеорологтардың мәліметі бойынша, мұндай аяз Ресей астанасында 120 жылдан бері болмаған. Болжам бойынша, алда Мәскеуде күн бұдан да суытады. Осыған байланысты қала басшылығы қауіптің қызғылт-сары деңгейін енгізіп отыр.