МАКСИМ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕРГЕУШІСІ» АТАНДЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен «Мемлекеттік кірістер органдары Экономикалық тергеу қызметінің қызметіндегі «Ең үздік жедел қызметкер», «Іздестіру бойынша ең үздік жедел қызметкер», «Ең үздік тергеуші» атақтарын тағайындау Ережелері» бекітілген болатын.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша конкурстық комиссия әр аумақтың рейтингтік көрсеткіштерін, ұсынылған әрбір үміткердің қызметін сипаттайтын материалдарды қарап, талқылады. Нәтижесінде 2016 жылдың «Ең үздік жедел қызметкері», «Іздестіру бойынша ең үздік жедел қызметкер», «Ең үздік тергеушісі» аталды.
«Ең үздік тергеуші» атағын Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасының бас маманы – аға тергеуші Финансов Максим Николаевич жеңіп алды.
2016 жылдың 11 айында Максим Финансовтың өндірісінде 30-дан аса қылмыстық іс болып, 9 қылмыс тергеу кезеңінде ашылған. Бірде бір іс қосымша тергеуге қайтарылмаған. 27 істі сотқа жеткізген. Істердің нәтижесімен бюджетке қайтарылған залал сомасы 540 млн. теңгеден асады. Азаматтардың конституциялық құқығын бұзу фактілеріне жол бермеген. Міне, осындай көрсеткіштер Максимді республика бойынша «Үздік тергеуші» атандырды.