ПОЛЬША АУЫР АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫ: БІЗ «АЛТЫНДЫ» ТҮСІНІКСІЗ ЖАҒДАЙДА АЛЫП ОТЫРМЫЗ!
Польшаның Ауыр атлетика федерациясы өзінің ресми сайтында Шимон Колецкидің 94 келіге дейінгі салмақта Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиаданың жеңімпазы ретінде ресми мойындалғанын растады, - деп хабарлайды tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
23 қарашада Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық Илья Ильинді 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтынынан айырғаны хабарланған болатын.
Польшаның ауыр атлетика федерациясының мәлімдемесінде Колецкиді Олимпиада чемпионы ретінде мойындау туралы шешімді жарты жыл күту керек болғаны айтылған. Сонымен бірге, алтын жүлдені спортшының әлі алмағанын, бірақ, ХОК пен Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы хаттамасында жеңімпаз ретінде Колецкидің көрсетілгені де хабарланды.
"Әрине, барлығын осы жетістікпен құттықтаймын, дегенмен, Олимпиаданың жүлделері бізге өте бір түсініксіз жағдайда келіп жатқанын мойындау керек. Кім біледі, мүмкін, Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA), ХОК және IWF процедураларынан кейін жүлделерді өзгелерге таратып бермей, допингпен ұсталғандардың орындарын "бос" қалдырған дұрыс болар ма еді. Енді сегіз жылдан кейін Рио-де-Жанейродағы жарыстар туралы біздің де осындай жағдайға тап болумыз мүмкін..." - делінген Польшаның Ауыр атлетика федерациясының хабарламасында.
Айта кетейік, 2004 жылғы Афинадағы Олимпиада ойындары кезінде 35 жастағы Колецки спорт жолында екінші рет допингпен ұсталып, бір жылға шеттетілген болатын.
Еске салайық, 23 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылды деген себеппен жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алған болатын.
Ал кейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырылған Илья Ильинге байланысты жағдай туралы мәлімдеме жасаған еді.
Мұның алдында ХОК Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны допинг сынымылары расталғаннан кейін 2012 жылғы Олипиаданың алтынынан айырған, ал еркін күрес палуаны Таймураз Тигиевті 2008 Олипиаданың күміс жүлдесінен айырып, Алмас Өтешіовтің нәтижесін жойған болатын. Кейін тағы бес спортшы Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Майя Манеза (турнир басталмай тұрып, жарыстардан шығып қалған), Ирина Некрасова ("63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) және Владимир Седовтардың (85 келіге дейінгі категорияда төртінші орын алған) жетістігін жою мен жарыстан шеттетілетіні туралы хабарланды.