АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов бүгін сапармен Шиелі ауданында болды. Сенат депутаттары Төңкеріс, Ақмая елді мекендерінде тұрғындармен кездесіп, ауылшаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру, шаруаларға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау жайы сөз болды. Мемлекет басшысының бес институттық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бағытындағы бастамалар жайлы айтылды.
Сонымен қатар, сенаторлар бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, инфрақұрылымдары жүргізіліп жатқан мөлтек аудандардағы жұмыс барысымен танысты.