МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖАҢАҚОРҒАНДА БОЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева аудандық мәслихат депутаттары және аудандағы қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов бүгінгі кездесудің мақсаты жайлы айтып өтті. Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Туғанбайқызы Парламентте қабылданған 100-ден аса заң мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жайлы тарата айтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуін көздейтін стратегиялық бағдарламаларды іске асырудың заңнамалық негіздері бойынша жиналғандар сауалдарына жауап берді.