ТІРКЕУГЕ ТҰРМАҒАН АЗАМАТТАРҒА 7 ҚАҢТАРДАН БАСТАП АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде тіркеусіз тұратын азаматтарға қатысты айыппұлдың қолданысқа ену мерзімі туралы ақпарат қате берілген. Расталған деректерге сәйкес, тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар бұрын хабарланғандай 2017 жылдың 1 ақпанынан емес 7 қаңтардан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Bnews.kz.
Осы жылдың 7 қаңтарынан бастап жалға берушінің (жалдауға берушінің) меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және үй-жайларда жеке тұлғалардың тiркеусіз тұруына жол берілуі анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады (10 айлық есептік көрсеткіш – 22 690 теңге).
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы азаматтарының, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұру мерзімі 3 айдан 1 айға дейін қысқартылды.
Қазақстанда тұрғындарды тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеу келесі заңнамаларда қарастырылған:
- ҚР паспорттық жүйесі туралы ережесі (05.04.1993ж. № 256);
- Халықты құжаттандыру және тіркеу ережесі (10.07.2000ж. № 1063);
- Ішкі мигранттарды тіркеу ережесі (01.12.2011ж. № 1427).
Тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бекітілді (2001 жылғы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 377-бабы, қолданыстағы ҚР ӘҚ кодексінің 492-бабы).
Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндеттілігі «Халықтың көші-қоны туралы» заңымен де бекітілді. Мұнымен қоса, аталмыш заңда тұрғын үйдің иесі өз меншігінде тұратын тұлғаларды тіркеуге қою міндеттемесі жоқ.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы заңнамадағы бұл олқылықты жояды.