ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР АЖЫРАСПАЙТЫН БОЛДЫ
Сырдария аудандық сотында ерлі зайыптылардың некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап қойып, екеуінің сот белгілеген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды. Осыған байланысты сот ұйғарымымен тараптар араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімі бекітілді. Аталған азаматтық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілік келісімін соттың бекітуіне байланысты іс жүргізу қысқартылып, бюджетке төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі