57 ЖҰМЫСШЫ ЖАЛАҚЫСЫН АЛДЫ
Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық прокуратурасы 57 жұмысшының еңбек құқықтарын қорғады. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл хабарлады.
Баспасөз хатшысының айтуынша, облыстық прокуратура өкілдерінің арнайы жүргізген тексеру жұмыстарының барысында аудандағы «Түгіскен» ЖШС-нің жұмысшыларға 2016 жылдың қыркүйек, қазан айларына жалақы төлемегені анықталды.
Нақтырақ айтқанда, серіктестік тарапынан 57 жұмысшыға барлығы 4 500 000 теңге жалақы қарызы қалыптасып, құқықтарына нұқсан келтіріліп, Еңбек кодексінің талаптары өрескел бұзылған. Осы5ан орай -ткен жылы қараша айының соңында аудандық прокуратура серіктестік басшысының атына жұмысшыларға тиесілі жалақыларының берілуін қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтарды түбегейлі жою туралы ұйғарым енгізді. Аталмыш ұйғарым талаптары бойынша азаматтардың еңбек жалақылары толығымен төленуі тиіс.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде облыс бойынша еңбек саласындағы бақылау басқармасы серіктестікке 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.