АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т. Бекішевтің қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Онда басқарма басшысының орынбасары 2016 жылы атқарылған жұмыстардың барысын баяндады.
- Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылы аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артып 9,1 млрд. теңгені құрады. Осы ретте ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі былтырғы 11 айда 3771,5 млн. теңгені құрап, 3,1 есеге артып отыр. Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 334,8 млн. теңге болды. Аймағымызда 168,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені белгілі. Егіс көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 1212 гектарға артық егілді. Негізгі дақыл күріштен 439,8 мың тонна күріш салысы жиналып, күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алынды, - дейді Т.Бекішев.
Сондай-ақ оның айтуынша облыста әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, оның ішінде тұрақтандыру қорын арзан азық-түлік өнімдерімен молайту бағытында шаралар қабылданып, апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып тұрады. 2016 жылы барлығы 60 жәрмеңкеде облыс тауарөндірушілерімен 823,1 млн. теңгеге 6 362,7 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылған. . Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша азық-түлік бағаларының 2016 жылдың қараша айындағы баға индексі 107,4% құрады.