МӘСКЕУЛІК ЗАҒИП ҚЫЗ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНІП ЖҮР
Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әнін жиі тыңдайтын мәскеулік зағип қыз Виктория Андрееваның қазақ әніне ықыласы оянып, қазақша ән үйреніп жүр, деп жазады «Эврика» газетіне сілтеме жасаған tengrinews.kz.
"Бұлай боларын өзім де күткен жоқпын. Жалпы шет тілдерге деген қызығушылығым бар. Бірде интернет арқылы қазақстандық қызбен таныстым. Көп ұзамай қазақша үйрене бастадым» дейді 18 жастағы Вика.
Кейіннен қазақ жігітпен танысып, өзіне ұнаған Қайрат Нұртастың әндеріндегі мәтінді аударып беруді сұрайды. Зағип қыз Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әнін тыңдаған соң қазақ тілін үйренуге шындап ден қойыпты.
Қазір Вика қазақша жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін айта алады. Кейде қазақша ән айтатыны бар.
"Әрине, бұл аздық ететінін білемін. Бірақ мен алған бетімнен қайтпаймын. Қазірше мен: Сәлем. Менің атым Виктория, мен Мәскеуде тұрамын. Менің жасым он сегізде. Анамның аты Светлана» дегенді айта аламын. Бұл бағытта арнайы бағдарламаның жоқтығы қинайды. Бірақ қазақ таныстарымнан көп нәрсе үйренемін деп ойлаймын", - дейді Вика.
Ертегі кейіпкерлерінен Алдар көсені танитын Вика қазақ фильмдерінің арасынан өзі қиналса да көріп шыққан «Қыз Жібекті» ерекше ұнатады. Әміре Қашаубаевтың әндерін тыңдағаннан кейін қазақтың дәстүрлі өнеріне деген құрметі оянғанын айтады. Тілді толық түсінбесе де Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін тыңдағаннан рахат табады.
«Мен тыңдайтын әншілер қатарында Батырхан Шөкенов, Ақбота Керімбекова, Ерке Есмахан, Қуандық рақым, Қайрат Нұртас пен Төреғали, Димаш Құдайберген, «Меломен», «Заман», «Жігіттер» топтары бар» дейді Вика.
Қазақтармен жиі хабарласатын Виктория «Қазақ достарымның бойынан ашықтық пен қарапайымдылықты байқадым. Сіздерді басқалардан осы қасиеттеріңіз ерекшелейді» деп түйіндейді.