БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІ МЕН БАТЫСЫНДА ҒАНА ҚАР ЖАУМАЙДЫ
Қазақстаннның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тек елдің оңтүстігі мен батысына ғана қар түспейді. Елдің бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында бұрқасындатып, тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, облыстарына тұман, көктайғақ, болады. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін ұлғаяды.
Ақтөбе, Қостанай, облыстарының бірқатар аймақтарында төменнен бұрқасындатып, тұман болып, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 18-метр/секундқа жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында тұман түседі. Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 метр-секундқа жетеді.