АСТАНАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ОҚУ ЖЫЛЫН ЕРТЕ АЯҚТАЙДЫ
Астана әкімдігі «ЭКСПО-2017» көрмесінде студенттерді еріктілер қатарында жұмысқа тартып, жатақханаларды көрмеге келетіндер үшін жатын орын ретінде пайдалану үшін биылғы оқу жылының мерзімін қысартуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме қойып.
Көрме 10 маусымда басталады. «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін көрмеге миллиондаған турист келеді деп күтілуде.
Қазіргі кезде қаладағы жоғары оқу орындарында 17 жатақхана бар екені анықталды. Ол жатақханаларда 7,3 мың жатын орын бар.
«Бүгінгі күні бұл мәселе үкіметтік деңгейде қаралып жатыр. Одан бөлек, біздің студенттер халықаралық көрме кезінде ерікті ретінде жұмыс істеп көмектесетін болады. Ал жатахана қонақтарға беріледі», –деп түсіндірді жергілікті әкімдік өкілдері. Жатақхана бағасын университеттердің өздері анықтайды. Ал оның төлемі сол оқу орындарының бюджетіне түспек.
Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге шамамен 5 миллион адам келеді деп күтілуде.