2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ТОҚСАНЫНДА БАЙҚОҢЫРДАН ҮШ ҰШЫРЫЛЫМ ЖОСПАРЛАНУДА
Роскосмос 2017 жылғы қаңтар-наурыздағы ғарыш аппараттарын ұшыру кестесін жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша 2017 жылғы бірінші тоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан екі ұшырылым жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 21 ақпанда ХҒС-қа «Прогресс МС-05» көліктік жүк кемесі ұшады. 27 наурызда «Союз МС-04» көліктік басқарылатын кемені ұшыру жоспарлануда.
Коммерциялық бағдарламалар бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурызда 2 ұшырылым жоспарланған: біріншісі Байқоңыр ғарыш айлағынан, екіншісі Гвиан ғарыш орталығының Куру ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру.
Бірнеше рет кейінге қалдырылған EchoStar 21 («ЭкоСтар-21») ғарыш аппаратымен «Протон-М» ЗТ ұшыратын күн жайында қосымша хабарланады, деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметі.