ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ШАХАНДАҒЫ АПАТТАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Қызылордада Шахандағы апаттан зардап шеккен отбасыларға қол ұшын созу мақсатында «Сыр мейірімі» атты акция басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Қайырымдылық шарасына облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесі ұйытқы болған. Облыс орталығындағы «Достық» үйінде азық-түлік пен заттай көмекті қабылдап алатын арнайы бекет ашылды. Қаржылай көмек көрсетем дегендер үшін есеп-шот та бар. Шара қаңтардың 9-ына дейін жалғасады.
- Ауыр жүкті қай уақытта бірге көтерген қазақпыз ғой. Мақсатымыз – елдің қиын қыстау кезде де бір екенімізді таныту. Қуанышпен қатар қайғыны да бөлісе алатынымызды көрсету, соған үндеу жасау, халықты соған шақыру, - дейді облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшесі Нұрсәуле Мұсаева.