ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҒУҒА ТОЛЫҚ ДАЙЫН
Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Облыстық ветеринария басқармасы мамандарының мәліметінше аусыл ауруына қарсы бекітілген жоспарға сәйкес алдын алу, егу жұмыстары толық жүргізілді.
- Облыс аумағын және еліміздің таза аймақтарын аусыл ауруынан қорғау мақсатында, сырттан келген және облыс көлемінен шығарылатын жануарлардың кіріс-шығыс қозғалысына күнделікті бақылау орнатылған. Мал басын нақтылау, бірдейлендіру және халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, - деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов.
2016 жылы облыс әкімдігі тарапынан ет экспортының әлеуетін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының Астрахань облысына барып, келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, Қазалы ауданынан «Сыр маржаны» ЖШС ЕАЭО мүше елдердің ветеринариялық талаптарға сәйкес шаруашылықтар тізіміне енді. Аталған шаруашылықтың экспортқа ет шығаруға мүмкіншілігі зор.
Фариза ОМАРОВА