ӨТКЕН ЖЫЛЫ 1130 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛГЕН
Қызылорда облысы бойынша өткен жылы карантинге жатқызылған өнімдерді сертификатсыз тасымалдағандар мен карантиндік объектілерді пайдаланған жеке және заңды тұлғалар арасында 48 заң бұзушылық анықталып, 2025555 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жаннат Дүзелбаева мәлімдеді.
Аймағымыздың өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі қауын шыбынына қарсы 2016 жылы барлығы – 1130 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізген. Оны монополист кәсіпорын «Фитосанитария» РМК филиалының мамандары жүргізеді. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен облыс бойынша «РФДжБӘО» ММ Қызылорда филиалының зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес калифорниялық қалқанша сымырына қарсы 98 гектар, кекіреге қарсы - 774 гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді.
- 2017 жылы қауын шыбынына қарсы 3800 гектар, калифорниялық қалқанша сымырына - 80 гектар, жатаған у кекіреге – 688 гектар және арам сояуға – 23,8 гектар жерге республикалық бюджет есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы облыс көлемінде жоғарыда айтылған өңдеу көлемдерінің уақытылы және тиімді жүргізілуінің нәтижесінде залалданатын жер көлемдері жылма-жыл азаюда, - дейді Ж.Дүзелбаева.
Фариза ОМАРОВА