СЕНАТОРЛАР САПАРМЕН КЕЛДІ
Кеше ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Б.Еламанов пен М.Бақтиярұлы Жалағаш ауданына іс-сапармен келді. Ең алдымен аудан орталығындағы ірі кәсіпорынның бірі – «БИС-Групп» ЖШС-нің қызыл мия тамырын өңдеу зауытында болып, өндіріс орнының жұмысын көрді. Одан кейін, «Береке» индустриялық аймағындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен танысып, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Кездесуде ел экономикасын жаңғырту жолында Елбасы бастамашы болған бағыттар жайлы айтып, бірқатар заңнамалық өзгерістерге тоқталып өтті.