АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҰСТАЛДЫ
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Р.Акчурин ұсталды, деп хабарлайды ресми ақпарат көздері.
«Р.Акчурин Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры А.Басқанбаевпен қылмыстық ымыраға келе отырып, «СБС-Снаб-Сервис» және «Install Service Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестерін құрған және 2016 жылы 1,8 млрд. теңгеге көше тазалау және санитарлық тазартуға арналған мемлекеттік сатып алулар конкурсын жеңіп алуларын заңсыз қамтамасыз етіп, заңсыз табыс алғандығы анықталды», — делінген Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы таратқан ақпаратта. Сонымен қатар ол өзіне бағынышты компаниялардың мүддесіне сай шешім шығарып алу үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына бірнеше мәрте пара берген.
Қазіргі уақытта Р.Акчурин ҚР ҚІК 128-бабына сәйкес Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы оқиғаға байланысты аталған аудан әкімі Арман Тұрлыбек Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары әкімдікте көп жылдан бері қызмет еткенін айтты.
«Бұл жағдай жайлы қазір ғана білдім. Әзірше мән-жайын айта алмаймын, себебі білмеймін. Бұл адам әкімдікте көп жылдан бері қызметте, осыны ғана айта аламын», — деді орынбасарының ұсталуына қатысты Арман Тұрлыбек.