ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері Қызылорда облыстық жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін жаңа жылдарымен құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жетімдіктің, жалғыздықтың кермек дәмін ерте татып, тағдырдың жазуымен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы өз камқорлығына алған. Бұл мекенде 16-23 жас аралығындағы жастар қоныстанады. Қазіргі күні 9 қыз, 22 ер бала тәрбиеленуде. Орталықта тәрбиеленіп жатқан жастардың қаладағы белгілі оқу орындарының студенттері.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Б.Батырбайұлы тәрбиеленуші балаларға тілегін жеткізіп, жылы лебіз білдірді.
Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының басшысы Марат Жүсіпәлиев «Біздің басты мақсатымыз жетімдер үйінен келген балаларды жаңа өмірге бейімдеп, денсаулығын сақтауға, тұрмыс жағдайларын, жатын орындарын даярлау сонымен бірге тәрбиелеу, оқыту, жұмыспен қамту шараларын жүргізу. Осы орайда тәрбиленушілерді спорттық алаңмен қамтамасыз еткен және де жасаған ілтипаттары үшін Қызылорда обылысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығына алғысым шексіз», - деп өз ризашылығын білдірді.