АЗАМАТТАРДЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕМЕН ТІРКЕУ ЕНГІЗІЛЕДІ
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан азаматтарын тіркеу тәртібін түсіндіруге арналған баспасөз-конференциясы болып өтті. ҚР ІІМ Көші-қон полициясы Департаменті бастығының орынбасары Галина Сәрсенованың айтуынша, қолданыстағы заң азаматтарды келген жерінде тіркеуге міндеттеуді қарастырады.
Бұл міндеттеме «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында енгізілген. Сонымен қатар, Г.Сарсенова әрбір азаматтың келген жерінде тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті.
Тұрғын үй қожайынына да азаматтарды тіркеусіз тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту ( 493 бабы,5, 6 тарауы ) енгізілді. «Бұл бастама «Созылмалы пәтерлердің» проблемалары мен тіркеусіз тұрудың мәселелерін шешуге көмектеседі деп ойлаймын»,-деді Г.Сарсенова.
Азаматтарды тіркеудің басты міндеті – ішкі көші-қон үдерісін, аймақтың өңірлік және мемлекеттік даму бағдарламасын дайындау аясында әр елдімекендердің даму шамасын анықтау негізінде азаматтардың тіркелу санын бақылау болып табылады. Осы есептің негізінде жұмыс орындары, білім ошақтары, құрылыс, емханалары ашылады, инженерлік-техникалық құрылымдар дамиды.
Азаматтың тұрған жерінде тіркелуі негізінде салық төлеуде, әскерге тіркелуде және тағы басқа есептерді жүргізуде заңды мекенжайы болып табылады.