БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАР ЖАУАДЫ
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, елдің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының басым бөлігінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Павлодар облысында да бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін жетеді, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, түнде Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады. Жамбыл облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 18 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.