АСТАНА ТӨРІНДЕГІ ӨНЕР КЕШІ
Мереке қарсаңында еліміздің бас шаһары Астана төрінде «Ғасырлар жырлайды» атты дәстүрлі орындаушылардың жыр кеші өтті. Оған Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау және Қызылорда облыстары мен Астана қаласынан елге белгілі жыршы-жыраулар қатысып, елорда жұртшылығына жыр-термеден шашу шашты. Бұл туралы http://syrboyi.kz жариялады.
Облыстық филармониядан барған Майра Сәрсенбаева, Шолпан Биімбетова, Әділхан Қуанбаев, Мұхамедәлі Бекпейісов және Күнсүлу Түрікпен Сыр сүлейлерінің дәстүрлі жыр-термелерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
– Биылғы жыл Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойымен тарихта қалды. Осы ұлық мереке аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды. Сыр елі де бұл айтулы мерекеге өз үлесін қосып, республикалық дәстүрлі орындаушылардың фестивалін өткізді. Мерейтой Арқа төрінің сахнасында қорытындыланып, өнерсүйер қауымға рухани кеш сыйладық. Оның айғағы – дәстүрлі орындаушылардың осы жыр кеші, – дейді «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, белгілі жыршы Майра Сәрсенбаева.
Тәуелсіз еліміздің мәңгілік мұрасын жырлап, бабалар мұрасынан сыр шерткен мұндай кештің өскелең ұрпаққа берері мол.