ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаевтың бұйрығымен Қаленов Бағдат Кендебайұлы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры болып тағайындалды.
Бағдат Қаленов дене шынықтыру және спорт, заңгер, бухгалтер, аудитор мамандығын игерген азамат. Еңбек жолын 1996 жылы Қармақшы аудандық статистика бөлімінің экономисті болып бастаған ол кейінгі жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Самбодан ҚР спорт шебері.