ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев, Б.Смағұл, Г.Шиповских, Б. Кесебаева және Ә. Сапарованың қатысуымен брифинг өтті, делінген облыстық "Сыр бойы" газетінің тілшісі таратқан мәліметте.
Кездесу барысында депутат Бақытбек Смағұл, еліміздің жетістігіне сүбелі үлес қосып отырған Сыр елінің ауыз толтырып айтар табысын атап өтті.
Негізінен Парламент Конституцияға сәйкес ең жоғарғы Заң шығару органы болып табылатынын баса айтқан депутат Балайым Кесебаева алтыншы сайланған Мәжілістің екінші сессиясында 66 Заң жобасы болып, оның 34 мақұлданып Сенатқа жіберілгенін мәлімдеді.
Ал Абзал Ералиев жұмыс сапарының негізгі мақсаты Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларациясы мен еліміздің алдағы күнгі даму жолын айқындайтын 5 институционалды реформа және осы реформаны жүзеге асыруға септесетін 100 нақты қадам туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылатынын айтты.
Айта кету керек, депутаттардың сайлаушылармен кездесуі осы қаңтар айының 4 мен 13 аралығында өтеді. Халық қалаулылары облыс, аудан орталықтарымен қатар шағын қалалар, ауылдар мен шалғай елді мекендер тұрғындарымен кездесетін болады. Мәжіліс депутаттары осы уақыт аралығында азаматтарды қабылдап, өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады деп күтілуде.