ДАКТИЛОСКОПИЯ ВИЗА АЛУДЫ ЖЕҢІЛДЕТПЕК
Қазақстандықтардың төлқұжаттарындағы электрондық чиптер енді дактилоскопиялық және геномдық деректермен толықпақ. 2021 жылдан бастап күшіне енетін жаңа заңнама азаматтардың саусақ ізін халықаралық тіркеуден өткізуді қарастырады, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтары үшін Еуропа елдеріне виза алу оңай емес. Ол үшін 20-ға жуық құжат керек. Ал дактилоскопиялық тіркеу арқылы саусақ іздерін базаға енгізу осы құжаттардың санын едәуір азайтады.
- Бұл біздің құқық қорғау органдарының, сот жүйелерінің жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетеді. Заң жүзінде бәрі реттелсе, заң бұзушы да болмайды, екінші жағынан, азаматтар қылмысқа бармас бұрын ойланады. Бұл азаматтардың жеке құқықтарын бұзады деп ойламаймын, - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов.
Ал ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайынов дактилоскопиялық тіркеуден өту құжаттар қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтады. Визасыз тәртіп талаптарының бірі осы. Бүгінгі таңда визалық процедураларды жеңілдету мақсатында жоспар құрылды.
Осылайша біздің азаматтардың еш қиындықсыз саяхаттай алатын елдер тізімі кеңеймек. Саусақ іздерін тіркеткен қазақстандықтар халықаралық әуежайларда да төлқұжаттарын көрсетпей-ақ тексерістен өте береді. Төлқұжат жоғалса да, оны саусақ іздері арқылы қайта жасау артық уақыт алмайды. Және әрбір азамат өзге де мемлекеттік қызметтерді оңай тұтына алады.