ҚЫЗЫЛОРДАДА 60 ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету аясында 35 өтініш қабылдады. Олардың арасында 34 отбасы (55 адам) Өзбекстан республикасының азаматтары болса, бір адам Украинадан келген.
- Этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру регламентін облыстық әкімдік бекіткен арнайы қызмет аясында жүзеге асады. Есепті кезеңде азаматтарды тіркеуге алуда ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Сондай-ақ өткен жылы шетелден жұмыс күшін тарту кезінде бөлінген квотадан асып кетпеуі қатаң қадағаланды. Әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынасы мәселелерімен айналысатын үшжақты комиссияның отырысы 5 мәрте өткізілді-, дейді басқарма басшысының орынбасары А. Есқараева.