МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Арал ауданының активімен кездесті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жүздесу мақсаты Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттердің орындалу барысы мен қабылданған заңдар, алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде елді хабардар ету болды.
Басқосуда мәжіліс депутаты ең алдымен баршаны Жаңа жылымен құттықтап, аудан жұртшылығына деген ізгі ниетін, ақжарма лебізін білдіріп, өз сөзін Аралдың сонау қиын кезеңдерінен бастады. Содан бергі Тәуелсіздік жылдары тұтас еліміздің, соның ішінде Арал ауданының жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, аталмыш жақсылықтардың басы-қасынан табылып, тікелей қолдау көрсеткен Елбасының еңбегін ерекше бағалады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер айтылып, талқыланды.