ЖАҢАҚОРҒАНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ
Жаңақорған ауданының орталығынан кіші кәсіпкерлікке арналған шағын индустриялдық аймақ құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Аумақ орналасатын жер тегістеліп, табиғи өскіндерден тазартылды. Аталған жерге кәсіпкерлік нысандарын орналастыру мақсатында 24 учаскеге аукцион өткізіліп 22 учаскесі өңдеуші-өндіруші кәсіпкерлік нысандарын ашатын тұлғаларға берілген. Бұл өз кезегінде шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға ықпал етеді. Мұнда наубайхана, кондитер цехтары, темір және ағаш өңдеу цехтары, түрлі шеберханалар мен шағын өндірістік орындар ашуға болады.
- Қазіргі таңда «Ернұрбек» ЖШС жиһаз жасау цехы іске қосылды. Осы шағын индустриялық аймақты инженерлік коммуникациялық инфроқұрылыммен қамтамасыз етуге байланысты жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін аудандық бюджеттен 6089 мың теңге қаржы бөлінді. Жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына өткізілді, - деді аудан әкімі Ғ.Әміреев.
Фариза ОМАРОВА
Фариза ОМАРОВА