МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕРДІ ӨЗ БЕТІНШЕ ИЕЛЕНГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Өткен жылы жалпы көлемі 56,6 мың гектар жер учаскелерінде 756 құқық бұзушылық деректері анықталып, 2015 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өскен. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша өткен жылы 600 заң бұзушылық оқиғасына айыппұл салынып, 115-не ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған. Жалпы басқарма тарапынан 2016 жылы 354 мың гектарды құрайтын жер учаскелерінде 780 бақылау шарасы жүргізіліпті.
-Басқарма тарапынан бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізу және заң бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін «Нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерді өз бетінше иеленген жер учаскелерін анықтау, оларға тиісті шараларды қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылдарының Бағдарлы жолы» әзірленіп, облыс әкімдігі бекіткен болатын. Аталған жобаның іске асырылуы нәтижесінде көлемі 51,8 мың гектарды құрайтын 119 жер учаскесіне бақылау шаралары жүргізілді. Сондай-ақ, 67 заң бұзушылық анықталып, 5 заңсыздық оқиғасына 3340,575 мың көлемінде айыппұл салынды, - деді брифинг барысында басқарма басшысы.
Фариза ОМАРОВА