ДЕПУТАТТАР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСЕДІ
Бүгін аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды. Парламентшілер сайлаушыларға өздерінің заң шығару қызметі,сонымен бірге Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында айқындаған тапсырмаларды орындау жолы туралы баяндайды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Депутаттардың сайлаушылармен кездесуі осы қаңтар айының 4 мен 13-і аралығында өтеді. Халық қалаулылары облыс, аудан орталықтарымен қатар шағын қалалар, ауылдар мен шалғай елдімекендер тұрғындарымен кездеседі. Мәжіліс депутаттары осы уақыт аралығында азаматтарды қабылдап, өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады.