КЕМШІЛІКТЕРДІ БОЛДЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда қаласының №2 сотында «Қылмыстық істер бойынша тергеп тексерудің кемшіліктері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде судья Қ. Құсекеев мәселеге байланысты хабарлама жасады. Сотқа тергеп тексеруден келіп түскен қылмыстық істердің қателіктері мен кемшіліктері бойынша қысқаша тоқталған ол көбіне айыптау актісі айыпталушыға табысталмау салдарынан істі қарау барысында қиындықтар туындап, сот отырысына үзіліс жариялауға тура келетінін айтып өтті. Осы және өзге де кемшіліктерге тоқталған судья, басқосу барысында оларды шешу жолдарын талқылауға шақырды.
Жиында сөз алған Қызылорда ст. ЖІІБ-нің тергеу бөлімінің бастығы Е.Сексенбаев қылмыстық істердің тергеп тексеру кезінде туындайтын қиындықтарға тоқталып, кемшіліктерді болдырмау жолын бірлесе іздестіруді ұсынды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, қатысушылар өзара пікірлерімен бөлісіп, кемшіліктерді болдырмау үшін бірігіп жұмыс жасау тиімділігін арттыру жөнінде шешімге келді.
Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі