ЕЛІМІЗДЕ БҮГІН АУА РАЙЫ ТҰРАҚСЫЗ БОЛАДЫ
«Казгидромет» РМК хабарлауынша, бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Бірқатар аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстік және орталықта жел тұрып, бұрқасындатады.
Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Бұрқасын, көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел күші 18-23 метр/секундқа жетіп, түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші секундына 23 метр болады.
Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, тұман түсіп, жел үдейді. Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысында бұрқасын болады. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көкөтайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі.