АУДАН ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңа жыл қарсаңында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген кәсіпкерлермен кездесті.
- Жаңа жыл өткен жылға баға беріп, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп», - демекші біздің өткенге салауат айтып, жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтетініміз анық, - деген аудан басшысы кәсіпкерлік саласында қол жеткізген жетістіктер мен ауқымды істерді саралап өтті. Сондай-ақ, бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, жылды жемісті аяқтаған кәсіпкерлерді табыстарымен құттықтады.
Сонымен қатар, жиын барысында кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселер жайын талқылап, пікір алмасты. Кездесуге келген кәсіп иелері де көкейде жүрген сұрақтарымен қоса ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, аудан басшысына орайлы кездесу үшін алғыс айтып, өңірді өркендету жолында еңбек ете беретіндерін жеткізді.