ҚР ҮКІМЕТІ ОТЫРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ШОБ ҚОЛДАУҒА БӨЛІНГЕН 100 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ИГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, онда қаржы-экономикалық блок мәселелерінің кең ауқымы қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Нақты айтқанда, Үкімет мүшелері мүлікті заңдастыруға, квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендірудің екінші толқынына, Ұлттық қордан ШОБ қолдауға бөлінген 100 млрд. теңгені игеруге, сондай-ақ «Агробизнес-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын жүзеге асыру барысына қатысты мәселелерді талқылады.
Аталған тақырыптар бойынша қаржы министрі Б.Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Е.Досаев, инвестиция мен даму министрі Ә.Исекешев, ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова баяндама жасады. Сонымен бірге Ұлттық экономика министрлігінің басшысы 2014 жылдың 9 айындағы «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылу қортындылары туралы баяндады.
Е.Досаев хабарлағандай, «Ақбұлақ» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға 2014 жылы 112,8 млрд. теңге қарастырылған, олардың ішінде ауыл мен қалада сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуға 91,8 млрд. теңге бөлінген».
«2014 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар 63,64 млрд. теңге немесе есептік кезең жоспарына 97,9% игерді. Игермеудің басты себебі конкурстық процедуралардың кеш өткізілуі болып табылады, бұл жұмыс өнімділігі кестесінен қалуға және нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің орындалмауы қаупіне алып келді», - деп түсіндірді министр.
«Ақбұлақ» бағдарламасы «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасына (2015 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) ықпалдастырылғанын ескере отырып, Е.Досаев оны жүзеге асыруға өңірлік басымдықтар принципін жүзеге асыруға пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Алдыңғы кезекте тірек елді мекендерді, агломерация мен шектес аумақтарға енетін елді мекендерді, келешекте экономикалық өсім орталығына айналуға қабілетті даму әлеуеті жоғары ауылдарды ауыз сумен қамтуға назар аудару қажет. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар үш жылдық кезеңде жобалауға және жүзеге асыруға жоспарланған жобалар тізімін үйлестіру қажет. Әсіресе, су қорларын толық барлау қажетті елді мекендердің тізімін үйлестіру аса маңызды», - деді министр.
Отырыс барысында 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.