ОБЛЫСТЫҚ СОТ ҰЖЫМЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық сотында салтанатты жиын өтіп, оған облыстық соттың алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, соттар әкімшісі басшысының орынбасары, бөлім басшылары, сот мамандары қатысты.
Қызылорда облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Қайрат Адранов мерекелік баяндама жасап, қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша ұйымдастырылған іс-шараларда белсенділік танытқан бірқатар судьялар мен сот қызметкерлеріне арнайы номинациялар табысталды.
Отбасы мен жұмысын қоса алып жүрген кәсіби заңгер, білікті судья, Қызылорда облыстық сотының судьясы Жанат Оспанова «Ананы ардақтау» номинациясын иеленді. Ал Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәуле Өтегенова «Әдепті судья» номинациясымен марапатталды. Өзіндік өнерімен ерекшеленіп, өнер мен фемиданы ұштастыра білген Қызылорда қалалық сотының судьясы Жазираш Дербісәлиеваға «Өнерлі судья» номинациясы табысталды. Жас судьяларға бағыт-бағдар, тәлім – тәрбие беруде ерекше белсенділік танытқан Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Абдуллажан Сайдуллаев «Үздік тәлімгер» номинациясына лайық деп табылды. Кәсіби маман ретінде өзгеге үлгі болып жүрген Қызылорда облыстық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Жанат Дүйсенова «Өз кәсібінің маманы», қалалық соттың білгір маманы, сот мәжілісінің хатшысы Алмаскүл Жұмағамбетова «Жылдың үздік хатшысы» номинацияларымен марапатталды.
Қызмет пен қоғамдық іс-шараларда да белсенділік танытып, болашағынан үміт күттіретін жас мамандар Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Әсия Аралбаева мен Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Досбол Хамзаев «Жыл үміті» номинациясы табысталды.
Мерекелік жиында сот қызметкерлері ұйымдастырған жаңажылдық қойылым жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі